Біздің мекенжай:Қазақстан, Алматы қ., «Калкаман» ықшамауданы
  • Городская Клиническая Больница №7
  • Городская Клиническая Больница №7
         

   №4 Нейрохирургиялық бөлімше  

Бөлімше меңгерушісі  

Жәнібек Сырымұлы Жанайдаров  

270-86-06 (ішкі 170) 

Ми тамырлары ауруының салдары көбінесе асқынуға, науқасты мүгедектікке және өлімге әкеледі. Қазіргі кезде орталық нерв жүйесі тамырлары ауруын емдеу кезінде ірі тамырға тікелей нейрохирургиялық араласу, эндоваскульярлы және реконструктивтік араласу әдістері қолданылады. Жуырда ғана ем қонбайтын деп саналған артериялық аневризма, артерия-тамырлы мальформацияларды емдеуде жақсы нәтижелер қол жеткізуге жинақталған тәжірибе қамтамсыз етті. Қазір де ірі және қол жетуі қиын аневризмаға тура араласу әдістері, субарахноидальдық қан құйылу жіті мерзімінде, артериялық аневризманы емдеу мәселелері бөлімшеде жан-жақты қарастырылуда.Бөлімше ми қан айналымы жіті бұзылуы(инсульт) және бассүйек -ми жарақатымен науқастарға көмек беруге бағытталған.

Бөлімшеде жасалады:

- ми тамылары аневрмзмасына қатысты ашық және эндоваскулярлы операциялар

- бассүйекішілік гематома

- бассүйекке реконструктивтік операциялар

-гидроцефалияға байланысты операциялар






   



Бөлімше тарихы

1973 жылы №2 Қалалық клиникалық аурухана базасында, №3нейрохирургия бөлімшесі ашылды. Бөлімше меңгерушісі болып, белгілі нейрохиург, жоғары санатты дәрігер Л.С.Шехтер тағайындалды, ол №3НХБ негізгі жұмыс принциптерін қалыптастырды, қазір оның ісін ізбасарлары жалғастыруда. 1983 жылдан 1989 аралығында бөлімшені жоғары санатты нейрохирург-дәрігер О.Л. Рославцев басқарды, оның кезінде бөлімшенің дәрігерлер және орта медициналық құрамының негізі құралды. 1990 жылы кафедра ассисенті Е.А. Азарованың шәкірті, жоғары санатты нейрохирург-дәрігер Кенжекей Шурайқызы Шураева оның ісін жалғатырды, ол бөлімшеге 17 жыл бойы басшылық етті.

Бөлімшені Кенжекей Шурайқызы Шураева басшылық еткен жылдары орталық нерв жүйесі ауыр патологиясымен жүздеген науқастарға көмек көрсетілді. Ол өлшеусіз диагностикалық көмек көрсетумен қатар, Алматы қаласы және бүкіл Республика бойынша маңызы зор консультациялық көмек көрсетті. Керемет нейрохирург қазір Қазақстан Республикасында жұмыс істейтін қаншама жас нейрохирургтарды тәрбиелеп шығарды.Шамамен осы кезде бөлімшеде белгілі нейрохирургтар Р. Кузнецова ., А.М. Медведь .,