Біздің мекенжай:Қазақстан, Алматы қ., «Калкаман» ықшамауданы
  • Городская Клиническая Больница №7
  • Городская Клиническая Больница №7
Ортохирургия бөлімінің меңгерушісі
Байзақов Арнат Рамазанұлы.

2016 жылдың ақпан айында №7 Қалалық клиникалық ауруханасында заманауи «Ортохирургия» бөлімшесі ашылды. Бұл 18 төсекке арналған екі кісілік палаталар, пациенттердің тез жазылуы және оңалуы үшін барлық жағдай жасалған.

Ортохирургия бөлімшесінде травматология және ортопедия саласында-патологияны анықтаудан бастап, диагностика, оперативтік емдеу және соңында оңалту емдік курсы аяқталғанға дейін заманауи медициналық қызметтердің және емдеу әдістерінің толық спектрі көрсетіледі.

Бөлімшеде пациенттерге түрлі жарақаттармен және ірі буын сырқаттарына жоғары мамандандырылған (ЖММК) медициналық көмек көрсетіледі.

Бөлімшенің негізгі артықшылықтары:

  • жоғары білікті кеңес беру
  • пациентке емханалардан, госпитализациялау порталынан тыс, әкімшілік квотасын ұсыну
  • операция алды мерзімде толық амбулаториялық тексеру спектрі, госпитализациялау үшін жайлы жағдай қалыптастыру
  • эндовидеохирургиялық техниканы пайдаланып оперативтік емдеудің малоинвазивтік әдістерін қолдану
  • ұсақ және ірі буындарды эндопротезирлеу, сонымен қатар, қимыл-тірек аппараты патологияларын емдеуде заманауи тәсілдер қолданады.
  • Барлық буынтықтардың остеосинтезі үшін металлоконструкцияның барлық заманауи үлгілері қолданылады.
  • Бөлімшеде оңалту терапиясы жасалады, бұл отадан 2 күннен кейін аяқ-қолға «Артромот» механотерапиясы арқылы аппараттарды қолданып ерте оңалту жүргізуге мүмкіндік береді.

Арнайы көмек алу үшін бөлімшеге аурудың келесі түрлерімен қаралуға болады:

  • аяқтың пішінін өзгертетін артроз
  • буындардың жарақаттан кейінгі салдары
  • жүйелі сырқаттарда буын пішінінің өзгеруі
  • буындардың туа біткен патологиясы
  • аяқ жарақаты және оның салдары
  • табан және білезік пішінінің өзгеруі

Хирургиялық араласулардың барлық түрлері:

  • қол-аяқтың ірі буындарын эндопротезирлеу (жамбас-ұршық буыны, тізе буыны, жіліншік, бірінші иық буындары, табан сүйек-бақайшақ буындары,шынтақ буындары, қол буындары)
  • қол-аяқ буындарына диагностикалық және емдік артроскопия
  • остеосинтездің әртүрлі түрлері
  • остеопластика, остеохондропластика;
  • сүйек арқылы остеосинтез;
  • табанға және қолға қиюластырғыш операциялар;
  • буындарға ағзаны сақтау оталары.

Буындарды эндопротезирлеу, эндопротездер халықаралық стандарттар бойынша және шетелдік үздік өндірушілердің жабдықтарында жасалады:

  • жамбас-ұршық буыны: «Depuy» (США),, «Stryker» (США);
  • тізе буындары: «Depuy» (США), «Stryker» (США);
  • кәрі жілік-білезік буындары және қолдың саусақ буындары «Moje», «Depuy»;

Буындарға диагностика-емдеу артроскопиясын жасау үшін келесі фирмалардың медициналық жабдықтары қолданылады «Depuy» (США), «Stryker» (США), «KarlStorz» (Германия).
Бөлімшеде эндовидеохирургияның көмегімен пациенттердің буын патологиясына, сондай-ақ, спортпен айналысу барысында алған жарақаттарға емдеу жүргізіледі.
Тізе буындарының крест тәрізді алдыңғы және артқы байламдарына, тізе буындарына мозайкалық хондропластика,шеміршек тігу,тұрақсыз иық буындарын емдеу және т.б
Буындарды артроскопиялық диагностикалау-емдеу үшін «Depuy», «Stryker», «KarlStorz» фирмаларының медициналық жабдықтары қолданылады.
Барлық туындаған сұрақтарға төмендегі координаттар бойынша бөлімше меңгерушісі Арнат Рамазанұлы Байзақов жауап береді.

8 (727) 270-86-07, ішкі.253.
+7 (701) 764-11-07
+7 (771) 993-66-23
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.