Біздің мекенжай:Қазақстан, Алматы қ., «Калкаман» ықшамауданы
  • Городская Клиническая Больница №7
  • Городская Клиническая Больница №7
 

 

Гематология бөлімше меңгерушісі
Кистаубаева Сауле Баяновна
270 86 26 (вн-139)

Гематология бөлімшесі 50 төсек орнына арналып, қан аурулары науқастарына шұғыл және жоспарлы түрде арнайы гематологиялық көмек көрсету мақсатында ашылды. Бөлімше базасында жұмыс істейтін гематологиялық кабинет қала бойынша жалғыз.

Гематология бөлімшесі және кабинеті қызметінің мақсаты:

  • тұрғындарға қолжетімді арнайы көмек көрсету;
  • қан жүйесі ауруларын ерте анықтау;
  • гематология саласының пациенттерін уақытылы госпитализациялау;
  • күндізігі стационар жағдайында, тәулік бойы медициналық бақылауды қажет етпейтін, диспансерлік науқастарды бағдарламалық терапиямен қамтамасыз ету.

Бөлімшеде науқастарға анемияның келесі түрлеріне емдеу жүргізіледі ( апластикалық, туа біткен және жүре пайда болған гемолиздік)

Жіті және созылмалы лейкоз

Миелодисплазия Қан жүйесінің тұқым қуалаған аурулары Геморрагиялық аурулар (гемофилия, қанның ұюы өзге факторларының тапшылығы, тромбофилия, идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура, т.б.)

Қажет болған жағдайда пациенттерге зертханалық диагностиканың келесі түрлері қолданылады: 1. Цитологиялық зерттеу 2. Гистологиялық зерттеу 3. Иммунофенотипирлеу 4. Иммунды-гистохимиялық зерттеу 5. Цитогенетикалық зерттеу 6. Молекулярлық (FISH) диагностика 7. Қанның ұю факторы деңгейін анықтау

Емдеу барысында қолданылатын әдістер:

  • Полихимиотерапия: Гемобластоз кезінде таргентті препараттарды қосып, стандартты химиотерапия кешенін пайдалану;
  • Иммундытерапия;
  • Қан және плазма препараттарымен трансфузиялық терапия;
  • Анемия кезінде патогенетикалық терапия;
  • Қанның ұю факторлары тапшылығы кезінде еселік ем.

Бөлімше дәрігерлері шетелдері Израил, Ресей, Оңтүстік Корея және Германияның ірі клиникаларының гематология бөлімшелеріне арнайы тәжірибе алмасу мақсатында іс-сапарға барып, ғылыми-практикалық конференциялардың жұмысына қатысады. Қызметкерлер қоғамдық бірлестіктердің жұмысына белсенді қатысады:

  • Республикалық Қоғамдық бірлестік «Гемобластоз науқастары-мүгедектер ассоциациясы».
  • «Гемофилия науқастары- Қазақстандық мүгедектер ассоциациясы».

Бөлімше С.Д.Асфендияров атындағы Қаз ҰМУ №3 терапия бойынша интернатура және резидентура кафедрасы үшін клиникалық база болып табылады. Бөлімшеге м.ғ.д. профессор А.Қ. Қосанова жетекшілік етеді.

Бүгінде бөлімшенің клиникалық тәжірибесінде қолданылып жүрген инновациялық әдістер науқастардың өмір сапасын жақсартты, ремиссия жағдайының көбеюіне және өмірін ұзартуға ықпал етті.


 

                                                                                   Қан тобын анықтау                                                                    Емшара кабинеті

                         

                                                       Көп жыл еңбек өтілі бар дәрігерлер мен мейірбикелер                                                           Қан құю      

                                                    

 

                                                               №3 терапия бойынша интернатура және
резидентура кафедрасының меңгерушісі профессор А.Қ.Қосанова
                                 Гематологиялық бөлімше