Біздің мекенжай:Қазақстан, Алматы қ., «Калкаман» ықшамауданы
  • Городская Клиническая Больница №7
  • Городская Клиническая Больница №7

Гипербариялық оттектендіру (ГБО) — бұл емдеу мақсатында жоғарықысыммен оттекті қолдану әдісі.

Бұл үрдіс арнайы камерада жасалады (бір және көпорынды барокамераларда). Бір орынды барокамера ересектерге, жас нәрестелер мен 1 жасқа дейінгі баларларға арналған. Онда 3-4 атмосфералар қысым арқылы таза оттегі қолданылады.Камералар көпорынды 2 және одан да көп отсектардан тұрады, әдетте оттегімен толықтырылған, ауа газдық орта болып табылады.

Гипербариялық оттектендірудің физиологиялық әсер етуі негізінде ағзаның сұйықтық ортасына оттегінің парциальдық қысымы көтерілуі (қанның,лимфалық,тінаралық сұйықтық), бұл тінде диффузиялық оттегін өсіреді, әсіресе гипоксиядан зардап шегушілерге, регенеративтік процестерге ықпал етеді, гемодинамикалық өзгерістерді пайда болдырады

(артериолдың тарылуы, жүректің соғуы және минуттық көлемі, жүрек жиырылуы жиілігін азайтады, өкпе гипертензиясын, ішперде қуысы ағзаларында қанды жинақтау, ми қанқамтымын азайтады), ағзадағы жалпы алмасуды азайтады, 02 қолдануды және С02 шығаруды азайту, аэробтық тотығудың күшейуі, метаболиялық ацидоздың азаюы, жасушаның „калий-натрий сорғысы„белсенділендіреді.

Гипербариялық оттектендірудің көрсетімдері

Гипербариялық оттектендіру жүргізу көрсетімдері әртүрлі болады, тура және жанама.Абсолюттік көрсетілім-көгерткіш қышқылдан пайда болған, тұншықтырғыш газдан улану, газдық гангрена; тура-улаудың барлық түрлері,кома,клиникалық өлімнен кейінгі жағдай, асфиксия, ауыр қансырау,күйіктер, ұзақ уақыт жазылмаған жаралар, бүйрек қызметі жеткіліксіздігі және т.б; жанама- жергілікті және жалпы гипоксия,септикалық асқынулар,өкпе ісігі, жүрек және бүйрек қызметінің жеткіліксіздігінің кейбір түрлері.

Гипербариялық оттектендіруді жүрек-тамыр хирургиясында кеңінен қолданылады. Гипербариялық оттектендіру гинеколгияда ұрық гипоксиясы, акушерлік және жүкті әйелдердің экстрагенитальдық ауруларының пайда болуы аясында кезінде қолданылады(жүктіліктің екінші жартысындағы токсикоз, жүректің декомпенсирленген кемістігі,септикалық күйі және т.б)

Неонатологияда — тұншығу,жаңа туған нәрестенің сарғаюы, жұқпалы аурулар кезінде; педиатрияда — жүрек-тамырлық, созылмалы тыныс аурулары,бауыр және бүйрек функциясының жеткіліксіздігі, ксенобиотиктармен улану жәнге басқа да жағдайлар кезінде;

Гипербариялық оттектендірудің қарсы көрсетілімдері

Гипербариялық оттектендіру отит(дыбысжарғағының барожарақаты болуы мүмкін, бірақ дыбысжарығы қалқасын тескеннен кейін сеанс жасауға болады), эмфиземныхбулах абцесі, қаптамаланған(кәрізделмеген) абцесс, өкпе кавернасы,эпилепсия,белсенді ревматикалық үдеріс кезінде қарсы көрсетімдері бар.

Гипербариялық оттектендіру сеанстарын өңеш көктамырынан қан кету жаңа тоқтағанда немесе асқазан ойық жарасы кезінде, жіті бактериальдық пневмания, гипертермия, артериальдық гипертензия кезінде қабылдау қауіпті. Гипербариялық оттектендіруді қабылдағаннан кейінгі кейбір асқынулар

Асқыну болуы мүмкін: бактериальдық пневмания, ателектаз,тамырлық коллапс,жүрек қызметі ритмі бұзылуы, барожарақат және ретро-лентальдық фиброплазия, оттектік интоксикация.