Біздің мекенжай:Қазақстан, Алматы қ., «Калкаман» ықшамауданы
  • Городская Клиническая Больница №7
  • Городская Клиническая Больница №7

Информация о толерантности к противомикробным препаратам.
Материалы подготовлены Ассоциацией клинических фармакологов и медицинским университетом Астаны.

Read more ...

Қазақстанға бірқатар Батыс және Шығыс Еуропа елдерінен БАҚ өкілдері келді. Австрия, Бельгия, Болгария, Италия, Испания, Португалия, Чехия, Словакия, Франция және Эстониядан келген журналистер Алматыдағы №7 қалалық клиникалық ауруханада болды. Еуропалық журналистердің Алматыға сапарының басты мақсаты – қаңтар оқиғасы кезінде ең көп зардап шеккен қала нысандарын аралау, оқиға куәгерлерімен кездесулер өткізу.

Read more ...

2022 жылғы 19 ақпанда ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Гам-КОВИД-Вак-М» дәрілік затына 8 ай мерзімге уақытша тіркеу куәлігін берді.

Read more ...

Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде кәсібіне адалдығы мен көрсеткен ерлігі үшін дәрігерлер марапатталды. Алматы қаласы № 7 қалалық...

Read more ...

Бойдағы кінәраттың жеңілі болмаса да, кеселдің ең ың­ғай­сызы, жағымсызы – көтеу. Ер-азаматтарда да, әйел адам­дарда да жиі кездесетін бұл дерт­тің шығу себептері...

Read more ...

Алматы, BAQ.KZ. Қалалық №7 аурухана мамандары созылмалы геморройға шалдыққан пациентке тұңғыш рет МӘМС пакеті шеңберінде шағынинвазивті операция жасады.

Read more ...

Қалалық №7 аурухана мамандары созылмалы геморройға шалдыққан пациентке тұңғыш рет МӘМС пакеті шеңберінде шағынинвазивті операция жасады...

Read more ...

Алматыда омикрон-штаммның таралуымен коронавирус инфекциясы дертінің өскені байқалады. Осыған байланысты қала әкімі жұмыс сапары барысында инфекциялық стационарлардың қосымша төсек-орындарды орналастыруға дайындығын тексерді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Read more ...

50 жастағы пациент №7 Қалалық клиникалық ауруханаға жоспарлы түрде келіп түскен. Паразит салдарынан болатын ауыр дерт – бауыр альвеококкозы диагнозы бойынша оған шұғыл түрде ота жасау туралы шешім қабылданды. Күрделі ота міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті шеңберінде жасалды.

  • Клиниканың баспасөз қызметі таратқан хабарламаға сүйенсек, пациент осыдан біраз бұрын оң жақ бүйірі ауырлап, ішінің формасы бұзылып, бұлтиғанын байқаған. Айтуынша, осы уақытқа дейін аурудың басқа белгілері білінбеген. Ультрадыбыстық зерттеуден кейін әйелдің оң жақ қабырғасының астында үлкен ісік пайда болып, бауырдың алға қарай жылжып кеткені белгілі болды.
  • Мамандар дерегінше, альвеококкоз жұққан күннен бастап 10 жылға дейін ешбір клиникалық белгі бермеуі мүмкін. Өйткені бауырға жабысқан құрт өте баяу өседі.
  • Альвеококкоз – жалпақ құрт (Echinococcus multilocularis) жұмыртқасының адам ағзасына түсуінен пайда болатын паразитарлық ауру. Құрт ағзаға жуылмаған жеміс-жидек, лас су мен балық, үй жануарлары арқылы түсуі мүмкін. Альвеококкоз салдарынан адамның маңызды органдары, соның ішініде басы мен өкпесі зақымданып, мүгедек болып қалуы мүмкін. Құрт ағзаның кез-келген бөлігінде кездесуі мүмкін, бірақ көбіне ол бауырға жабысады.
  • Бұл дертті емдеудің бірден-бір тәсілі – бауырдың бір бөлігін кесіп алып тас тау. Оны қан тамыры хирургиясын жақсы білетін тәжірибелі гепатохирургтар ғана жасай алады. Өйткені ота барысында бауырдың зақымданған бөлігін алып қана қоймай, өттің жұмысын реттеу қажет. Сондықтан мұндай күрделі операциялар ірі мультидисциплинарлық, жоғары мамандандырылған, заманауи технологиялармен жабдықталған клиникаларда ғана жасалады.
  • №7 аурухананың гепатопанкреатобилиарлы хирургия бөлімі дәрігерлері күрделі ота жасап, нәтижесінде салмағы 3,5 келіге жеткен алып альвеококкоз құртын алып тастады. Бауырдың едәуір бөлігінің зақымдануы мен пациенттің В гепатитімен ауыратыны жағдайды қиындата түсті. Хирург мамандар лапаротомия, оң жақ гемигепатэктомия жасап, бауырдың зақымданған 75% бөлігін алып тастауға мәжбүр болды. Он сағатқа созылған отаны профессор Муса Сахипов, көмекшісі Аңсат Таубалдиев, Нүркен Желдібаев, анестизиолог Марат Лекеровтен құралған кәсіби мамандар тобы жасап шықты. Дәрігерлер қан кету қаупінің алдын алып, нәтижесінде қосымша қан құю қажеттігін жойды.
  • Пациент қазір ауруханадан шығып, қалыпты өмірге оралды.
  • «№7 аурухана дәрігерлерінің біліктілігі мен шеберлігі алдында басымды иемін. Әсіресе, мені аман алып қалған дәрігерлерге, анестизиологқа, профессор Муса Сахиповқа алғысым шексіз. Алла разы болсын! Ауыр дерттен арылдым. Баршаңызға уақтылы қаралып, денсаулықты күтуге кеңес берер едім», - деді ол.

Алматы қаласының №7 Қалалық клиникалық ауруханасының емханасында COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы ревакцинация жүргізілуде.

  • Ревакцинация үшін QazVak, VeroCell вакциналары, сондай – ақ 60 жастан асқан адамдарға және медициналық білімі бар медицина қызметкерлеріне Pfizer вакцинасы беріледі.
  • Ревакцинацияны коронавирусқа қарсы бастапқы вакцинациялаудың толық аяқталған курсын алған барлық азаматтар жәнеде Қазақстан Республикасының аумағында 3 және одан да көп ай тұратын шетелдік азаматтарда ала алады. КВИ-ға қарсы ревакцинация вакцинацияның 2-кезеңі аяқталғаннан кейін 6 ай аралықпен бір рет жүргізіледі. Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинацияның толық курсын алған КВИ-мен ауырған адамдарға COVID-19-ға қарсы ревакцинациялау сауыққаннан кейін 3 айдан кейін жүргізіледі.
  • Ревакцинация күн сайын, демалыссыз №7 ҚКА емханасында: Алматы қаласы, Қалқаман ықшамауданы, 408 кабинет (4 қабат) мекенжайы бойынша жұмыс күндері-сағат 8: 00 - ден 18:00 - ге дейін, сенбі, жексенбі және мереке күндері-сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін жүргізіледі.
  • Сондай-ақ күн сайын КВИ-ге қарсы вакцинация жүргізілуде: QazVak және VeroCell вакциналарымен (1,2 компонент), Спутник V вакцинасымен (екінші компонент) емхананың 216 кабинетінде (2 қабат); емхананың 408 кабинетінде (4 қабат) белгілі бір санаттағы адамдарға арналған Pfizer вакцинасымен вакцинация жүргізіледі.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда келесі телефон нөмірлеріне хабарласуыңызды сұраймыз: 8 (727) 2476031, +7 707 8602364.