Біздің мекенжай:Қазақстан, Алматы қ., «Калкаман» ықшамауданы
  • Городская Клиническая Больница №7
  • Городская Клиническая Больница №7

Пациент лебізі Алматы қаласы №7 қалалық клиникалық аурухананың 4 нейрохирургиялық бөлімшесінің меңгерушісі Дюсембеков Ермек Кавтайұлына арналған

Автордың жазу емлесі мен тыныс белгілері сақталған

- Алғыс айтам

Алғыс айту күнінде қолға қалам,

Алдым мен жазу үшін ойға алған.

Алғысымды ақ ниет, тілегімді,

Азаматқа ісі үшін риза болған.

4-ші нейрохирургияда меңгеруші,

Ермек атты мың болғыр жақсы кісі.

Риза болдым, мен оны мақтамай-ақ,

Жоғары екен адамдық қасиеті.

Біреулер жүр шалқайып құлай жаздап,

Кісілігін тарта алмай түйе құлап.

Ұлық болсаң, кіші бол демейді ме,

Түсінбесең осыны сен бір бейбақ!

Үлкенді силап, кішіні құрметтеуді,

Ермектен үйреніңдер дегім келді.

Алланың бөлене бер рахметіне,

Бақ, береке тілеймін өзіңе енді!

Ахмет Рахымұлы

Халықаралық Жазушылар Одағының мүшесі, журналист.