Біздің мекенжай:Қазақстан, Алматы қ., «Калкаман» ықшамауданы
  • Городская Клиническая Больница №7
  • Городская Клиническая Больница №7
Алматы қаласының №7ҚКА жанындағы емханада тіркеудегі тұрғындармен және қызметкерлердің қатысуымен отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.
Семинар барысында қазіргі қоғамның дертіне айналған отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі көтерілді, бүгінде бұл тақырып өте өзекті. Қазіргі уақытта қоғамның қарыштап дамуына қарамастан отбасылық- тұрмыстық зорлық-зомбылық өкінішке орай тыйылар емес. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу (болдырмау) бойынша ұсынымдар беру арқылы қоғамдағы маңызды әлеуметтік проблемалар талқыланды.
Сөз сөйлеушілердің әрқайсысы осы тақырыпқа қатысты өз пікірлерін ортаға салды.
Пациенттер мамандардың кеңестерін алды. Емхананың әр қабатында ақпараттық кітапшалар мен материалдар орналастырылып, брошюралар таратылып, бейнероликтер көрсетілді. Сонымен қатар, аталған тақырыпқа байланысты тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.