Біздің мекенжай:Қазақстан, Алматы қ., «Калкаман» ықшамауданы
  • Городская Клиническая Больница №7
  • Городская Клиническая Больница №7

Республика - ұлттық мереке күніне орай қала мен елдің дамуына айтарлықтай елеулі үлес қосқан бірқатар алматылықтар мемлекеттік наградалармен, сондай-ақ «AMANAТ» партиясының Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Денсаулық сақтау саласын дамытуға сіңірген еңбегі үшін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Құрмет» орденімен (Қазақстан Республикасының Құрмет ордені) Алматы қалалық № 7 клиникалық ауруханасының консультативтік-диагностикалық зертханасының меңгерушісі Сон Валентина Николаевна марапатталды. Жоғары марапатты Алматы әкімі Е.А.Досаев табыс етті.

Сондай-ақ, «AMANAT» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы С.В.Канкуровтың Алғыс хатымен Алматы № 7 қалалық клиникалық ауруханасының директоры профессор Рамазанов Манас Ембергенұлы марапатталды.

«AMANAT» партиясы Наурызбай аудандық филиалы төрағасының алғыс хаттары Алматы қаласы № 7ҚКА-ның директорының медициналық бөлім (емхана) жөніндегі орынбасары Ләззат Сайлаубекқызы Жұмаділоваға және сарапшы - Бейбітов Әнуар Бейсебайұлына табысталды.

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕРІМІЗДІ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН МАРАПАТТАРЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ