Біздің мекенжай:Қазақстан, Алматы қ., «Калкаман» ықшамауданы
  • Городская Клиническая Больница №7
  • Городская Клиническая Больница №7

Жетінші аурухананың медициналық қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын талқылау және түсіндіру бойынша ауруханада «AMANAT» партиясы Наурызбай аудандық филиалының төрағасы Баймұрат Жамбыловтың және «AMANAT» партиясы Наурызбай аудандық филиалының Саяси кеңес мүшесі Эльдар Карибаевтың қатысуымен кездесу өтті.

Кездесуге келген қонақтар Жолдаудың маңызды тұстарына тоқталды.

Баймұрат Мұратханұлы өз сөзінде Мемлекет басшысының Жолдауы ұлттық және халықаралық ауқымдағы маңызды құжат болып табылатынын атап өтті. Президент Жолдауында айтылған міндеттерді, тұрақтылықты сақтау, қоғамның бірлігін нығайту бағытындағы тапсырмаларды орындаудың маңыздылығын айтты.

«Қазіргі таңда елімізде көптеген өзгерістер болып жатыр, көп шаралар орындалып жатыр. Медицина саласы бойынша көптеген шаралар жасалынып жатыр, ауылдық жердерде амбулаториялар салынып, халықтың денсаулығына байланысты жұмыстар алға тартылуда. Дүние жүзіндегі жас мемлекет қатарына кірсекте, біз бұрынғы совет үкіметі құрамындағы мемлекеттердің ішіндегі ең мықтылар қатарында тұрмыз. Бұның барлығы біздің мемлекетте саясаттың дұрыс бағытта жүріп жатқанының айқын көрінісі. Президент осы жылғы жолдауында біздің «АMANAT» партиясы жобаларына нақты- нақты тоқталып, өкіметке тапсырмалар берді. Олар халықтың мұң- мұқтажын шешу мәселесімен айналысып, халықтың әл-ауқатын көтеруге көзделген»,- деді Жамбылов.

Іс-шараға қатысушылар пікір алмасып, еліміздің алдағы кезеңге арналған дамуының негізгі бағыттарын айқындады.