Біздің мекенжай:Қазақстан, Алматы қ., «Калкаман» ықшамауданы
  • Городская Клиническая Больница №7
  • Городская Клиническая Больница №7

№7 қалалық клиникалық ауруханада «Жер-2023» оқу-жаттығулары өтті

Төтенше жағдайлардың (ТЖ) алдын алу және жоюда Мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесін одан әрі дамыту, сондай-ақ жойқын жер сілкіну кезінде ТЖ жою және азаматтық қорғау қызметтері органдарының күштері мен құралдарын дайындау мақсатында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігімен «Жер-2023» командалық-штабтық оқу-жаттығулары ұйымдастырылды.

Алматы қаласы Наурызбай аудандық Төтенше жағдайлар басқармасының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері 2023 жылғы 12 қыркүйекте Алматы қаласының №7 қалалық клиникалық ауруханасының медициналық құрамына арналған қалалық коммуналдық қызметтер өкілінің қатысуымен төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік ережелерін (жер сілкінісі мен өрт кезіндегі қауіпсіздік ережелерін) сақтау бойынша нұсқаулық өткізді.

«Зардап шеккендерге» медициналық және психологиялық көмек көрсету бойынша жаттығулар өткізілді.