Біздің мекенжай:Қазақстан, Алматы қ., «Калкаман» ықшамауданы
  • Городская Клиническая Больница №7
  • Городская Клиническая Больница №7

Алматы қаласындағы №7 қалалық клиникалық аурухана жанындағы емханада терапевт, офтальмолог, отоларинголог, эндокринолог, психолог, әлеуметтік қызметкер сияқты арнайы мамандарды тарта отырып, бекітілген тұрғындар үшін Ашық есік күні өтті. Шара Алматы қаласы күніне арналған.

Өтініш бергендер қандағы қант пен холестеринді, қан қысымын өлшеу және ЭКГ-мен профилактикалық тексеруден өтті. Денсаулықты нығайту, пайдалы тағамды тұтыну, таза ауада серуендеудің пайдасы туралы, мамандардың тағайындаған процедуралары мен дәрі-дәрмектерін уақытылы қабылдау туралы ұсыныстар берілді.