Біздің мекенжай:Қазақстан, Алматы қ., «Калкаман» ықшамауданы
  • Городская Клиническая Больница №7
  • Городская Клиническая Больница №7
Алматы қ. №7 қалалық клиникалық аурухананың жанындағы емханада ауруларды анықтауға, қан қысымын, қандағы қант пен холестеринді, ЭКГ-ны өлшеуге бағытталған кешенді медициналық тексерулер, диагностикалық процедуралар және мамандардың консультациялары өткізілді.
Пациенттер ауруларды емдеуде және алдын алуда қажетті мамандардың ұсыныстарын алды.
Сондай-ақ, емхана қызметкерлері, атап айтқанда, әлеуметтік қызметкер және салауатты өмір салты кабинетінің медбикесі мүмкіндігі шектеулі науқастарды ертіп, мамандардың кабинеттерінен өтуге көмектесті.