Біздің мекенжай:Қазақстан, Алматы қ., «Калкаман» ықшамауданы
  • Городская Клиническая Больница №7
  • Городская Клиническая Больница №7
1 маусым, жаздың алғашқы күні және онымен бірге балалардың басты мерекесі - Балаларды қорғау күнінде
№7 қалалық клиникалық аурухана жанындағы емхана қызметкерлері Ашық есік күнін ұйымдастырды.
Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеуді ұйымдастырып, кішкентай емделушілеріміз балалар невропатологы, балалар отоларингологы, балалар офтальмологы және педиатр дәрігеріне жазылусыз, күтпестен қабылдауды болды. Білікті дәрігерлер келген балалардың барлығын тексерді. Сонымен қатар, бұл күні профилактика және психологиялық-әлеуметтік көмек бөлімшесіінің жауапты дәрігері мен жауапты мейірбикесі және емхана психологтары балалармен және олардың ата-аналарымен әртүрлі тақырыптарға әңгіме жүргізді, соның ішінде: дене бітімінің ақауларының алдын алу, иммунопрофилактика, пайдалы тағамдар мен зиянды тағамдар, жеке бас гигиенасы, дәрумендер мен сау ағза, емшек сүтімен қоректенетін балалардың салауатты өмір салты, эмоцияны қалай күшейту керек, балалық жарақаттардың алдын алу және басқа да мәселелер.
Балаларға жадынамалар, парақшалар, брошюралар және шағын сыйлықтар таратылды. Емхананың фойесінде балаларға арналған арнайы мультфильмдер көрсетілді. Сондай-ақ, кішкентай пациенттердің ата-аналары мерекені ұйымдастырған емхана ұжымына, көрсеткен қамқорлығына, ыстық ықылас пен мейірімді жүректеріне, сондай-ақ әрбір балаға деген ерекше сүйіспеншіліктері үшін алғыстарын білдірді.​