Біздің мекенжай:Қазақстан, Алматы қ., «Калкаман» ықшамауданы
  • Городская Клиническая Больница №7
  • Городская Клиническая Больница №7

 

 

Алматы қаласының № 7 қалалық клиникалық ауруханасы жанындағы емхананың офтальмолог-дәрігері Алуа Оразғалиева емханаға келуші тұрғындарға «Катарактаның алғашқы белгілерін қалай тануға болады» тақырыбына дәріс өткізді.

Катаракта-көздің жиі кездесетін ауру түрі.

Аурудың пайда болуы себептері әртүрлі: катаракта туа біткен немесе жүре пайда болуы мүмкін, мысалы, жарақатқа байланысты. Бірақ қарттық катаракта жиі кездеседі, яғни «Кәрілік».

Катарактаның алғашқы белгілері

Бастапқы кезеңде Катаракта ерекше белгі бермейді. Көбінесе адамдар бұл жай шаршаудың салдары деп ойлап, аса мән бере қоймайды.

Катарактаның алғашқы белгілері:

Көздің алды бұлдырау.

Көздің алдында шіркейдің пайда болуы

Гало әсері: жарық көздерінің айналасындағы жарқыраған шеңберлер.

Көру өткірлігінің төмендеуі.

Көзді кешенді тексеру кезінде офтальмолог қана катарактаның дамуын ерте кезеңдерде анықтай алады.

Егер Сізде келесі белгілер мен шағымдар болса, дәрігерге бару керек:

• Заттардың түстерін анық көре алмасаңыз.

• Кітаптағы мәтінді оқи алмасңыз немесе зат белгідегі жазуды көру қиын болса, егер ол ұсақ және күңгірт шрифтпен жазылса.

• Көзілдіріксіз жұмыс істеу немесе жүру қиындаған жағдайда.

• Сізге жақындаған адамды оңай анықтай алмасаңыз.

• Тігу, тоқу, кесте тігу қиын болғанда.

• Теледидардағы бейнені нашар көрсеңіз.

Егер ауру емделмесе не болады?

Егер сіз катарактаны емдеумен кешіктірсеңіз, онда көздің асқынуы мүмкін. Мысалы, қайталама глаукома. Бұл жағдайда көзішілік қысым жоғарылайды, көзді қанмен қамтамасыз ету қызметі бұзылады, бұл оптикалық нервтің атрофиясына және көру қабілетінің қайтымсыз жоғалуына әкеледі.

Дәрігерге баруды кешіктірмеңіз: офтальмологқа жиі қаралып тұру керек.

Көздеріңіз сау болсын!