Біздің мекенжай:Қазақстан, Алматы қ., «Калкаман» ықшамауданы
  • Городская Клиническая Больница №7
  • Городская Клиническая Больница №7

2023 жылдың 15 наурызында Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне арналған айлық аясында Алматы қаласының No7 қалалық клиникалық ауруханасы жанындағы емхана ұжымы, атап айтқанда психологтар мен салауатты өмір салты кабинетіндегі медбике және әлеуметтік қызметкерлер «Науқастың сауығу тарихы» тақырыбында сауалнама жүргізді.

Емхананың медбикелері «Д» есебінде тұрған барлық науқастарды аралап, консультацияға шақырды. Емхананың әлеуметтік қызметкерлері брошюраларды тарата отырып, бекітілген тұрғындар арасында туберкулездің белгілерін білу бойынша оқу сабақтарын өткізді.

Емхананың әр қабатында ақпараттық брошюралар мен материалдар орналастырылып, бейнероликтер көрсетілді.