Біздің мекенжай:Қазақстан, Алматы қ., «Калкаман» ықшамауданы
  • Городская Клиническая Больница №7
  • Городская Клиническая Больница №7

Әйел-дәрігерлер еліміздің медицинасының дамуына орасан зор үлес қосуда

Алматы қаласы №7 қалалық клиникалық ауруханасының анестезиология, реаниматология және реанимация бөлімінің дәрігері Исқалиева Айгүл Дарысбайқызының медицина саласында еңбек еткеніне 30 жылдан асты.

1999 жылы Асфендияров атындағы ҚазММУ (ҚазҰМУ) жалпы медицина мамандығы бойынша бітірді, анестезиология және реаниматология (ересек) мамандығы бойынша жоғары біліктілік санаты бар.

Есқалиева А.Д. кәсіптік бағыттағы біліктілік деңгейін жүйелі түрде жоғарылатуда, 2020 жылы «Анестезиология және реаниматология (ересектер)» мамандығы бойынша «Интенсивті емдеудің таңдамалы мәселелері» циклі бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті; 2022 жылы «Халықаралық стандарттарға сәйкес шұғыл жағдайларда медициналық көмек көрсету алгоритмдері» циклі бойынша «Анестезиология және реаниматология (ересек)» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру курстарын аяқтады.

«Қазақстан Республикасындағы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің негіздері» семинар-тренингіне қатысқаны туралы сертификаты бар.

Еңбек жолын 1989 жылда бастап, 1992 жылға дейін Атырау қаласындағы жедел жәрдем станциясында фельдшер болып жұмыс атқарған; 1993 жылдан 1994 жылға дейін мүгедектер үйінде (Алматы қ.) медбике болып жұмыс жасаған; 1994-1995 жж. №12 орталық қалалық клиникалық аурухана – жансақтау бөлімінде медбике; 1999 жылы жалпы тәжірибелік дәрігер мамандығы бойынша интерн-дәрігер лауазымына интернатураға қабылданды; 2001 жылы Алматы қаласының №7 қалалық клиникалық ауруханасына анестезиолог-реаниматолог дәрігер болып жұмысқа қабылданды.

Анестезиология және реаниматология саласында үлкен тәжірибесі мен практикалық білімі бар, №7 қалалық клиникалық ауруханада жұмыс істеген уақытында өзін әріптестері құрметтейтін білікті маман ретінде көрсетті.