Біздің мекенжай:Қазақстан, Алматы қ., «Калкаман» ықшамауданы
  • Городская Клиническая Больница №7
  • Городская Клиническая Больница №7

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы №7 қалалық клиникалық ауруханасының кардиолог дәрігерлері жіті миокард инфарктісін алған қарт пациенттің өмірін аман сақтап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Емдеу мекемесінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, 75 жастағы қарт науқас хирургиялық бөлімшеге жолдамамен жіті холецистит, панкреатит диагнозымен түсті. Пациент көп жыл жүректің шағуы ауруы бойынша кардиолог дәрігердің есебінде тұр.
№7 ҚКА-ның кардиология бөлімшесінің меңгерушісі Айгүл Досқұлованың айтуынша, науқасқа шұғыл коронарография жүргізілді. Тексеру барысына оң жақ қарыншааралық тармақтың жіті тромбозы анықталды.
«Коронарография кезеңінде қарыншааралық тармақты стенттеумен пациенттің жүрек қызметі тоқтап қалды, жедел түрде барлық қажетті реанимациялық шаралар сәтті жүргізілді, жүрек-өкпе реанимациясы хаттамасына сәйкес және жүрек ырғағы қалпына келтірілді. Жүрек қызметінің тоқтап қалуына қарамастан, стентпен коронография сәтті жүргізілді, содан кейін пациент одан әрі бақылау және емдеу үшін реанимация бөлімшесіне ауыстырылды, емдік және диагностикалық ұсыныстар берілді»,- дейді дәрігер.
75 жастағы науқас кардиология бөлімшесінде 13 күн жатты, оң динамикамен үйіне шығарылды. Пациентте ауқымды миокард инфарктісі болғанын ескере отырып, гематолог мамандардың барлық басқа ұсыныстары миокард инфарктісінің асқыну кезеңінен, қалпына келтіру және оңалту кезеңіне дейін амбулаториялық емдеу ұсынылды.
«Кейде инфаркт белгісіз болуы мүмкін және оны жіті хирургиялық патологиямен шатастыруға болады. Сонымен қатар, инфаркттың жасырын бетпердесі бар екенін ұмытпауымыз керек. Инфаркттың астматикалық нұсқасы демікпе сияқты клиникалық түрде жүруі мүмкін: ентігу, ауа жетіспеушілігі. Инфаркт пациент тексеру кезінде белгі бере алатын өзінің нақты классикалық түрін өзгерткенін ұмытпау керек. Жас көрсеткішін, артериялық гипертонияның болуын ескеру қажет. Сол сияқты, қант диабеті, ол мүлдем белгі бермеуі мүмкін, бірақ жалпы әлсіздік, ентігу,шаршау сезімі ретінде өтеді. Сондықтан кез - келген дәрігер инфаркттың белгісіз емес түрлерін әрдайым есте ұстауы керек», - деп атап өтті Айгүл Досқұлова.
Дәрігер мұндай жағдайлардың уақтылы диагностикасы электрокардиографиялық мәліметтермен және тропонинге қан талдауын жасуымен расталуы керек екенін атап өтті.
Бүгінгі күні жіті коронарлық синдромды уақтылы диагностикалау және дұрыс көмек көрсету кенеттен өлім қаупін болдырмайды.

 

Дереккөз https://www.inform.kz/kz/almatylyk-kardiologter-tekseru-kezinde-zhuregi-toktap-kalgan-pacientti-aman-saktap-kaldy_a4036454