Біздің мекенжай:Қазақстан, Алматы қ., «Калкаман» ықшамауданы
  • Городская Клиническая Больница №7
  • Городская Клиническая Больница №7

Шетелдіктерді (оның ішінде РФ азаматтарына) жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша шетелдік мамандарды сертификаттау рәсімін түсіндіру (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-274/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданысын растау қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде медициналық білім алған адамды денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауға жіберу шарттарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес):
* Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері
* Қызмет көрсету мерзімі – 5 жұмыс күні
* Қызмет – өтінімді қабылдау / сертификатты «электрондық үкімет» порталы арқылы беру (www.egov.kz, www.elicense.kz)
* Қызмет тегін
* Көрсетілетін қызметті алушылар келесі құжаттарды тапсырады:
1) өтініш;
2) шетелдік маманның жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
3) Білім туралы құжаттарды тану туралы құжат – ҚР БҒМ «Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы» ШЖҚ РМК – 30 күнтізбелік күн;
4) тұратын елінде берілген мамандық бойынша клиникалық практиканың жүзеге асырылуын растайтын құжат-анықтама, еңбек кітапшасы (жұмысқа алғаш кіріскен адамдар ұсынбайды);
5) соңғы бес жылда мәлімделген мамандық бойынша біліктілікті арттыру туралы куәлік, жалпы көлемі кемінде 108 сағат немесе 3 жылдан астам еңбек өтілі үзілгенде – 216 сағат;
6) білім мен дағдыларды бағалау нәтижесі.
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 27-бабына сәйкес маман сертификатынсыз клиникалық практикамен айналысуға тыйым салынады