Біздің мекенжай:Қазақстан, Алматы қ., «Калкаман» ықшамауданы
  • Городская Клиническая Больница №7
  • Городская Клиническая Больница №7

✅Ашық есік күні барысында тіркелген тұрғындарға отбасын жоспарлау мәселелері бойынша терапевт - дәрігер және акушер-гинеколог бейінді мамандар консультация жүргізді. Қатысушылар мамандармен кеңесіп, өздерін мазалап жүрген сұрақтарға нақты, әрі толық жауап алды.
✅Сонымен қатар, Отбасын жоспарлау кабинетінде «Ұрпақты болу жасындағы әйелдердің созылмалы ауруларының алдын алу және емдеу», «Отбасы және адамның репродуктивті денсаулығын қорғау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелдің мақсаты-ерте жүктілік және түсік түсіру, жыныстық жолмен берілетін аурулар, АИТВ-инфекциясы туралы жан-жақты ақпараттандыру арқылы отбасы денсаулығын сақтау және нығайту мәселесіне қоғам назарын аудару. Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша отбасын жоспарлау, сақтау және нығайтуға бағытталған ұсыныстар әзірленді.
✅Сондай - ақ, Қала күні аясында өткізілген Ашық есік күнінде дәрігер-терапевт, окулист, акушер-гинеколог және оториноларинголог бейінді мамандардың консультациясы ұйымдастырылды.
✅Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі жандарды үйде көшпелі тексеру, қандағы глюкоза мен холестеринді анықтауға, артериялық, көзішілік қысымды өлшеуге экспресс – тест жүргізу ұйымдастырылды. Тексеру қорытындысы бойынша мамандар тиісті ұсыныстар берді.