Біздің мекенжай:Қазақстан, Алматы қ., «Калкаман» ықшамауданы
  • Городская Клиническая Больница №7
  • Городская Клиническая Больница №7

Республикалық референдум – демократияландырудың маңызды кезеңі және еліміздің «Жаңа Қазақстан» құру жолындағы бағыт
Бүгін Алматы қаласының №7 қалалық клиникалық ауруханасында республикалық сайлауалды штабының мүшесі, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Бекқали Торғаевтың конституциялық реформаны түсіндіру бойынша аурухана ұжымымен кездесуі өтті.
Жиын барысында алдағы референдум мен конституциялық реформаның негізгі бағыттары талқыланды.Торғаев өз сөзінде 5 маусымда өтетін Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдум - Мемлекет басшысы бастамашылық еткен саяси реформалардың маңызды кезеңі екенін атап өтті.
Торғаев Қазақстан Республикасының Конституциясына саяси жүйені түбегейлі өзгертетін 33 түзету енгізу ұсынылып отырғанын еске салды. Жаңа Қазақстанды құрудағы реформалардың маңыздылығын айта келе, спикер алдағы елеулі өзгерістер мемлекетіміздің болашағына айтарлықтай оң ықпал ететініне сенім білдірді. Бұл ретте ол азаматтардың сайлау учаскелеріндегі белсенділігі саяси жүйеге, елдің болашақ тағдырына әсер ететіні сөзсіз екенін баса айтты. «Референдум өтуі үшін оған азаматтардың жартысынан астамы қатысуы керек, сондықтан әр-бір қазақстандықтың сайлау учаскесіне келіп, дауыс беруі өте маңызды», - деді Мәжіліс депутаты.