Біздің мекенжай:Қазақстан, Алматы қ., «Калкаман» ықшамауданы
  • Городская Клиническая Больница №7
  • Городская Клиническая Больница №7

№7 қалалық клиникалық ауруханада Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар жобасын түсіндіру, сондай-ақ 2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдум өткізу бойынша жиналыс өтті.
Жиналысты, аурухананың бас дәрігері Рамазанов Манас Ембергенұлы ашты. Бас дәрігер алдағы бүкілхалықтық референдумның мемлекетті дамыту және қазақстандық қоғамды демократияландыру үшін маңыздылығын атап өтті. Клиниканың жетекшісі атап өткендей, ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар қазақстандықтардың пікірін ескере отырып енгізіледі, халықтың сұранысына бағдарланған саяси жүйені құру жоспарлануда. Бас дәрігер клиника ұжымын 5 маусымда сайлау учаскелеріне белсенді келіп, алдағы референдумда дауыс беруге шақырды. Ол азаматтардың сайлау учаскелеріндегі белсенділігі саяси жүйеге және еліміздің алдағы тағдырына сөзсіз әсер ететінін атап өтті . Манас Ембергенұлы референдумға қатысу – әрбір қазақстандық үшін өзінің азаматтық ұстанымын көрсетуге және маңызды саяси шешім қабылдауға өз үлесін қосуға мүмкіндік екенін айтты.
Ол бүкілхалықтық референдум елімізде үлкен өзгерістер әкелетінін атап өтті.
№7 қалалық клиникалық аурухананың статистика бөлімінің меңгерушісі М. Б. Мамырқұл баяндама жасады. Баяндамашы осы өзгерістердің мәнін түсіндіріп, еліміздің Негізгі заңына енгізілетін өзгерістер мен түзетулерге егжей-тегжейлі тоқталды, референдум күні дауыс беру тәртібін түсіндірді және аурухана қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді.
Кездесуге қатысушылар жүргізіліп жатқан реформаларға қолдау білдірді.
№7 ҚКА-да 4 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Оның ішінде, ашық 3 учаске: №500, №501, №503 және №518 жабық сайлау учаскесі. Ауруханадағы ашық сайлау учаскелері Алматы қаласы Наурызбай ауданының жақын маңдағы аумағындағы сайлаушылардың дауыс беруіне арналған. Стационарлық емделіп жатқан пациенттер референдумға қатысып, 518 учаскеде дауыс бере алады. №518 сайлау комиссиясының құрамына 5 адам, ал қалған 3-не 9 мүшеден кірді.
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы 29 сәуірде Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Халық бірлігі – жаңартылған Қазақстанның негізі» XXXI сессиясының жұмысына қатысып, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық референдум өткізуді ұсынған болатын.