Біздің мекенжай:Қазақстан, Алматы қ., «Калкаман» ықшамауданы
  • Городская Клиническая Больница №7
  • Городская Клиническая Больница №7

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы №7 ауруханада семіздікке шалдыққан 4 пациенттің асқазанына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында операция жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Аурухана баспасөз қызметінің мәліметінше, дәрігерлер семіздіктен зардап шеккен 4 науқасқа лапароскопиялық бариатрия жасады. Солардың бірі – 40 жастағы әйел. Салмағы - 103 келі. Ол арықтаудың түрлі жолдарын іздеген. Ешқайсысы нәтижие бермеген соң, ота жасатуға бел буған. «Лапароскопиялық бариатрия – артық салмақты реттеп, семіздік салдарынан болатын артериалды гипертензия, жүректің ишемиялық ауруы сынды ілеспе дерттерді емдеуге мүмкіндік беретін заманауи әдіс. Сәтті жасалған отадан кейін әйел бірден №2 хирургия бөлімшесіне ауыстырылды. Қазір пациенттің жағдайы бір қалыпты, өз бетінше жүріп-тұрады», - дейді дәрігер Мұса Сахипов. Оның айтуынша, ота адамның жасына, қосымша аурулары мен зат алмасу процесіндегі ерекшеліктерге қарай жасалады. Манипуляциядан кейін пациент шамамен 15-тен 80 келіге дейін салмақ тастайды. Мұндай операцияның құны - 600 мың теңге шамасында. Жоғары технологиялы ота ақысы МӘМС пакеті арқылы төленеді. Мамандар дерегінше, артық салмақ атеросклероз, гипертония, инфаркт, инсульт, қант диабеті, асқазан-ішек ақауы, артрит, репродуктивтік жүйе қызметінің бұзылуы сынды ауруларға әкеп соқтырады. Хирургиялық ота жасау туралы шешім дәрі-дәрмекпен емдеу нәтиже бермеген күрделі жағдайларда ғана қабылданады. ҚР Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының дерегінше, ел халқының 20% астамы семіздікке шалдыққан. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Түркістан өңірінде бариатриялық хирургияны дамыту жоспары іске асып жатыр.