Біздің мекенжай:Қазақстан, Алматы қ., «Калкаман» ықшамауданы
  • Городская Клиническая Больница №7
  • Городская Клиническая Больница №7

✔️Алматы қаласының №7 қалалық клиникалық ауруханасы жанындағы емханада тұрғындарды коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау және ревакцинациялау жалғасып жатқанын жеткіземіз.


✔️Pfizer (Комирнати, АҚШ), "VeraCell" (Sinopharm, Қытай) , "QazVac" (QazCovid-in Қазақстан) вакциналары сіздің таңдауыңыз бойынша тегін қолжетімді.
✔️Вакцинация №7 ҚКА емханасында (2 қабат, 216 кабинет) сағат 08:00-18:00 аралығында жүргізіледі.
✔️Сонымен қатар сағат 08:00-18:00 дейін (емхана, 4 қабат, 408 кабинеті) ревакцинация жалғасуда.
✔️Сондай-ақ, айта кетейік Pfizer Comirnaty препаратымен вакцинациялауға халықтың келесі санаттарына рұқсат етілді:
1. 12 және одан жоғары жастағы адамдарға.
2. Бастапқы вакцинацияны алатын, осы вакцинамен профилактикалық егуді алғысы келетін адамдарға;
3. Әртүрлі себептер бойынша шетелге шығу үшін қайта вакцинациялауды алатын адамдарға - егер адам КВИ-ға қарсы соңғы вакцинаны 3 ай бұрын алған болса, сондай-ақ кету үшін растайтын құжаты (виза немесе билет, сондай-ақ оқуға шақыру) бар болса;
4. Вакцинация курсын шетелде бастаған адамдарға;
5. COVID-19-ға қарсы ревакцинация алатын барлық санаттағы адамдар.
✔️Жоғарыда көрсетілген санаттарға сәйкес барлық ниет білдірушілерді емханаға тіркелу орнына қарамастан шақырамыз.
✔️Коронавирусқа қарсы вакциналар қауіпсіз және тиімді!