Біздің мекенжай:Қазақстан, Алматы қ., «Калкаман» ықшамауданы
  • Городская Клиническая Больница №7
  • Городская Клиническая Больница №7

«2022- Жолдауы ерекше маңызға ие. Қазақстан Республикасының Президенті Жолдауда жариялаған реформалар Жаңа Қазақстан құрылысына серпін бермек. Елбасы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының алдағы кезеңге арналған басым мақсаттарын жария етті. Сондай-ақ, Тоқаев елдің саяси жүйесін ауқымды түрде қайта құруға ерекше көңіл бөлді. Президент суперпрезиденттік басқарудан күшті парламенті бар президенттік басқару түріне көшуді ұсынды. Қасым-Жомарт Кемелұлы атап өткендей, мұндай жүйе мемлекеттік институттардың оңтайлы тепе-теңдігін қамтамасыз етіп, еліміздің тұрақты дамуына ықпал етеді. Мемлекеттік аппарат халықтың мүддесі үшін жұмыс істеуі керек. Халықтың әлеуметтік-экономикалық мәселелеріне басымдық беріледі», - деді баяндамашы, No7 қалалық клиникалық аурухананың статистика бөлімінің меңгерушісі Мақсат Мамырқұл өз сөзінде.

Медициналық ұйым қызметкерлеріне Мемлекет басшысының негізгі тезистері мен түйінді мәлімдемелері ұсынылды. Сөз соңында спикер реформалар қазақстандықтардың өміріне оң әсер ететінін айтты.