Біздің мекенжай:Қазақстан, Алматы қ., «Калкаман» ықшамауданы
  • Городская Клиническая Больница №7
  • Городская Клиническая Больница №7

Алматы қаласы №7 клиникалық аурухана қаладағы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, стационарлық пациенттерге коронавирустық инфекцияны жұқтыру мүмкіндігін болдырмауға бағытталған карантиндік шектеулерге байланысты аурухана бөлімшелерінде пациенттерге баруға тыйым салынғаны туралы хабарлайды. Сізден осы мәжбүрлі шараларға түсіністікпен қарауыңызды сұраймыз.

Ауруханада жатқан жақындары үшін туыстарының алаңдауын шын жүректен түсіне отырып, өз кезегінде клиника әкімшілігі сіздермен медициналық қызметкерлер тарапынан байланыс орнатудың барлық мүмкін нұсқаларын қабылдайды.

Осы мақсатта ауруханаға (орталық кіру және 6-шы бекет) кіру кезінде тіркеу орындарында стационарлық телефон байланысы орнатылды. Барлық мәселелер бойынша тіркеу және қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері хабарлайды. Пациент тұратын бөлімшенің ішкі нөмірін теру арқылы медициналық персоналмен байланыс орнатылады. Бөлімшелердің ішкі нөмірлерінің тізімі бекетте көрсетілген. Сонымен қатар, сіз біздің Call-орталығымызға келесі байланыс арқылы хабарласа аласыз: 8(727) 3410666.

Тіркеу орны жұмыс күндері сағат 8.00-ден 17.00-ге дейін ашық.
№1 тіркеу орны сағат 8.00 – ден 14.00-ге дейін,
№2 тіркеу орны сағат 8.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істейді.
Демалыс күндері : 6 пост 8.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді.

Пациенттің денсаулық жағдайы бойынша ақпарат құпия болып табылатынын, дәрігерлік құпияны құрайтынын және үшінші тұлғаларға жария етілмейтінін қосымша еске саламыз. Бұл ақпарат заңмен қорғалады және пациенттердің тікелей туыстарына ғана беріледі.

Біздің стационарлық пациенттерге медициналық көмек көрсететін дәрігерлердің негізгі миссиясын, кезек күттірмейтін, жиі өте шұғыл түрде жүргізілетін операциялар мен басқа да медициналық процедуралар мен манипуляциялар болатынын ескерулеріңізді сұраймыз. Емдеуші дәрігерлерді күту уақыт бойынша созылып кеткен жағдайда, емдеу процесінің басымдығын, аурухана жағдайында медициналық көмек көрсетілетін пациенттердің үлкен ағымын, медициналық персоналдың күшейтілген жүктемесін ескеруді сұраймыз.

Түсінушілік таңытқандарыңыз үшін алдын-ала рахмет!

Құрметпен,
Алматы қ. № 7 ҚКА әкімшілігі.