Біздің мекенжай:Қазақстан, Алматы қ., «Калкаман» ықшамауданы
  • Городская Клиническая Больница №7
  • Городская Клиническая Больница №7

Гепатопанкреатобилиарлық хирургия және бауыр трансплантациясы орталығымен жоспарлы хирургиялық бөлімше

Жоғары сапалы көмек көрсету үшін бірегей малоинвазивтік операциялар және кең ауқымды араласу әдістері енгізілді.

Хирургиялық сала бойынша операциялардың келесі түрлерін жасаймыз:

  • Бауыр паразитті емес жылауығын жою (ашық/лапараскопиялық)
  • Эхинококкэктомия
  • Бауыр гемангиомасы энуклеациясы бауырды үнемді және ауқымды резекциялау ( анатомиялық оңжақ және солжақ және кеңейтілген сегменттік, атиптік гемигепатэктомиялар)
  • Ұйқыбезге резекциялық араласу (стандартты панкреатодуоденальдық және пилоросақтаушы, дистальдық резекция, ұйқыбез басын резекциялау)
  • Ұйқыбезге дренаждау операциялары ( тура панкреатоеюностомия, цистоеюностомия)
  • Cпленэктомия (дәстүрлі, лапароскопиялық, hand-assistant)
  • Холедохолитиаз кезінде холедохолитотомия, трансдуоденальдық папиллосфинктеропластика
  • Өт жолдарына реконструктивтік операциялар (гепатикоеюностомия, би-, три-, тетрахолангиоеюностомия)
  • өт жолдарына малоинвазивтік дренаждық операциялар және ішперде қуысының патологиялық жиналуына дренаждық операциялар ( сыртқы тері арқылы бауыр арқылы пункциялық дренаждау,тері арқылы пункциялық холецистостомия), УДЗ және КТ- бақылауында
  • Эндоскопиялық емдеу-диагностикалық манипуляциялар (эндоскопиялық ретроградты холангиопанкреатография; өттүтіктерін стентирлеу, эндоскопиялық папиллосфинктеротомия, литотрипсия, литоэкстракция)
  • Жалпы хирургиялық операциялар: эзофагопластамен өңеш экстирпациясы, ауқымды лимфодиссекциямен гастрэктомия, герниопластика,асқазанды резекциялау, түрлі вариантта тиреоидэктомия, тоқішек резекциясы, тікішекке операциялар және т.б

     

 

Сапалы медициналық көмек көрсету үшін малоинвазивтік операциялар кеңінен қолданылады, олар пациенттің тез сауығуына әсер етеді.Видеолапароскопиялық араласудың мынандай түрлері кеңінен қолданыс тапты және енгізілді:

  • лапароскопиялық аппендэктомия;
  • лапароскопиялық холецистэктомия;
  • перфоративті жараны лапароскопиялық тігу;
  • жабыспаларды лапароскопиялық жару;
  • іштің жабық жарақаты кезінде лапароскопия;

Бөлімшенің басымдығы:

  • жоғары деңгейде техникалық жабдықталуы
  • шұғыл және жедел хирургиялық көмекке дайындығы
  • шұғыл түрде арнайы хирургиялық көмек көрсетуге дәрігер-мамандардың кәсіби біліктілігі
  • мультитәртіпті көзқарас
  • әрбір пациент үшін жоғары жауапкершілік