Біздің мекенжай:Қазақстан, Алматы қ., «Калкаман» ықшамауданы
  • Городская Клиническая Больница №7
  • Городская Клиническая Больница №7
Ағзалар трансплантациясы бөлімшесінің меңгерушісі
Ибрагимов Равиль Пашаевич
тел. 2 70 86 06 (ішкі.253)

Бөлімше жұмысының негізгі бағыты ағзаларды трансплантациялау бойынша операциялар жасау.

Бөлімше 10 төсек орынға арналып, трансплантологиялық жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету мақсатында ашылды.

Бөлімше жұмысының негізгі бағыты бауыр, бүйрек, ұйқыбез, сондай-ақ ағзалар пациентерді трансплантациядан кейінгі мерзімде бақылау жүргізу және асқыну жағдайы орын алса емдеу.

Бөлімше пациенттерді операцияға дайындаубарыснда, операция жасау, операциядан кейінгі бастапқы және оңалту мерзімі соңында заманауи әдістер мен технологияларды қолданады.


Трансплантация бөлімшесінде жасалады:

1. Тірі туыстық донордан бүйрек трансплантациясы
2. Өлі донордан бүйрек трансплантациясы
3. Тірі туыстық донордан лапароскопиялық мануальдық-ассистирленген донор бүйрегін алу.
4. Тірі туыстық донордан бауыр бөлігін алу трансплантациясы
5. Өлі донордан бауыр трансплантациясы

6.Бүйрек артериясы стенозы салдары қатерлі артериалдық гипертензиясымен, терминалдық деңгейде бағдарламалық гемодиализ, БСЖ пациенттеріне лапароскопиялық нефрэктомия

7. Бүйрек трансплантациясынан кейін лимфоцеллені лапароскопиялық интраабдоминальдық дренаждау.
8.Бүйрек трансплантаты несеп шығару жүйесіне реконструкциялау операциялары
9. Ультра дыбыстық бақылауда малоинвазивтік араласу толық кешені (ультра дыбыстық бақылауда- нефростомия, бүйрек, бауыр трансплантаттар биопсиясы, туған бауыр биопсиясы)
10. Бүйрек, бауыр трансплантациясына туыстық жұпты (донор-реципиентті), дайындау
11. Науқастарды ағзалар трансплантациясынан кейін амбулаторлық кезеңде бақылау (бүйрек,бауыр, ұйқыбез)
12. Бүйрек, бауыр,ұйқыбездің трансплантаттар дисфункциясы салдары патологияларын емдеу және түзету.


Бөлімше тарихы

Алғашқы операция шеберлік-класы аясында 31.05.12 жылы Ю.В. Слободинмен бірлесе (Беларусь Республикасы ҒО„Ағзалар мен тіндер трансплантациясы„) тірі туыстық донордан бүйрекке гетеротопиялық трансплантация жасалды. Осы уақыт аралығында донор бүйрегін лапароскопиялық- мануальдық-ассистирленген алу бойынша үш операция жасалды.

Шеберлік-класы аясында - 2012жылғы қыркүйекте профессор wan-Tae Park бірлесе (Anam Hospital, Seoul, South Korea) донор бүйрегін мануалдық-ассистирленген алу бойынша тірі туыстық донордан төрт бүйрек трансплантациясы жасалды.

2012жылғы 12 қыркүйекте профессор wan-Tae Park бірлесе (Anam Hospital, Seoul, South Korea) Қазақстан Республикасында алғаш рет тірі туыстық донордан бүйрек және ұйқыбез бөлігін мануальдық-ассистирленген алу арқылы бүйрек және ұйқыбез бөлігіне аралас трансплантация жасалды.

Алматы қаласының әкімі А. Есімов бүйрек және ұйқыбез бөлігіне трансплантация жасалған пациентке келді

2012 жылғы желтоқсанда профессор Sandeep Guleria (Apollo hospital, New Delhi, India) бірлесе шеберлік-класы аясында тірі туыстық донордан бүйректі ашық алу арқылы бүйрек трансплантациясы бойынша екі операция жасалды.

Алғашқы жылы клиникада бүйрек трансплантациясы бойынша 28 операция жасалды.Бүйрек донорларының анатомиялық тамырлық ерекшеліктері жиі кездеседі, бұл ағзаны әрі қарай трансплантациялау мақсатында алуға недәуір қыйындық тудырады.

Бөлімше донордың бүйрек тамырларына реконструкциялау операцияларын жасау машығын жетік меңгерген.


Болашақтағы даму бағыты:

  • Тірі туыстық донордан бауыр бөлігін трансплантациялау
  • Тірі туыстық донордан бүйрек және ұйқыбез бөлігі жиынтығын трансплантациялау
  • ·Өлі донордан ағзалар трансплантациясы (бүйрек, бауыр, ұйқыбез)