Біздің мекенжай:Қазақстан, Алматы қ., «Калкаман» ықшамауданы
  • Городская Клиническая Больница №7
  • Городская Клиническая Больница №7

Достар, Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізілгеннен бері бір жарым жыл өтті. Бірақ бізді әлі күнге дейін " БЖТ не береді?", "Егер БЖТ төлейтін болсаң, қандай қызмет көлемі қолжетімді?", "Сақтандырылған адам болу үшін БЖТ тек үш айға ғана төлеуге бола ма?» деген сұрақтар мазалауда. Бірге анықтайық.

БЖТ дегеніміз не?

Бұл бірыңғай жиынтық төлем немесе бейресми жұмыспен қамтылған қызметті салық органдарында тіркеудің оңайлатылған тәртібі. Яғни, сізге ЖК ретінде тіркелудің және декларация тапсырудың қажеті жоқ. Сізге бар болғаны, айына бір рет БЖТ төлеу керек.

2021 жылы бұл төлемнің мөлшері төмендегідей:

  • Республикалық маңызы бар қалаларда, астанада және облыстық маңызы бар қалаларда тұратын жеке тұлғалар үшін - 1 АЕК немесе 2 917 теңге;
  • Басқа елді мекендерде тұратын жеке тұлғалар үшін – 0,5 АЕК немесе 1 458,5 теңге.

Бұл сома "Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕАҚ-да келесі пропорцияда бөлінеді:

  • жеке табыс салығы (ЖТС);
  • әлеуметтік аударымдар (ӘА);
  • міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ);
  • міндетті медициналық сақтандыруға аударымдар (МӘМС).

Егер БЖТ төлесеңіз, қандай қызметтер қол жетімді?

БЖТ төлеуші барлық басқа төлеушілер сияқты сақтандырылған азамат. МӘМС пакетіндегі медициналық қызметтер тізбесі медициналық сақтандыру қорына жарналардың мөлшеріне қарамастан барлығына бірдей қолданылады.

Сақтандырылған адам болу үшін БЖТ тек үш ай ғана төлеуге бола ма?

Иә. Бірақ МӘМС жүйесінде сақтандырылған мәртебесін Сіз тек төртінші айға аласыз. Мәртебені сақтап қалу үшін БЖТ-ны ай сайын төлеуді жалғастыру қажет.