Біздің мекенжай:Қазақстан, Алматы қ., «Калкаман» ықшамауданы
  • Городская Клиническая Больница №7
  • Городская Клиническая Больница №7

Денсаулықты қорғау, түр­­лі дерттердің алдын алу мақсатында жолға шыққан №7 емхана қызметкерлері, атап айтқанда Алдын алу және психоәлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің жауапты дәрігері Айнұр Әлшерова, педиатр дәрігер Ұлжалғас Әбдиева, СӨС кабинетінің медбикесі Гулфайрус Боран­құ­лова және психолог Дана Мамлеева емханаға тір­кел­ген үйлерге барды. Ақ халатты «қонақтар» көп­ба­лалы жандармен, жаңадан отау құрған жастармен өздерін мазалаған сауалдар төңі­ре­гінде әңгімелесіп, жа­уап­кершіліктің рөлін түсі­ну жөнінде ақпараттық-тү­сін­дірме жұ­мыстарын жүргізді.

«Саламатты отбасы, бұл – саламатты ұлт. Біз көп­те­ген аурудың алдын алу мақ­са­тында іс-шараларды үнемі ұйымдастырамыз. Мұн­­дай қайырымдылық ша­ра­сын енді жиі өткізу­ді жоспарлап отырмыз. Біздің мекеменің дәрі­гер­леріне және мейірбикелеріне алғысымды біл­діремін. Себебі осындай іс-шараларға аянбай еңбек етіп, толықтай атсалысады», дейді профилактика бөлімшесінің жауапты дәрігері Айнұр Мейірбекқызы.

Сонымен қатар мегаполис­­те «Мен – алма­тылықпын» қоғамдық бірлестігі мен «Қо­ғам­­дық бақылау» тобы ерекше балалардың им­муни­тетін қолдау акциясын да өткізіп жатыр.

Адамдардың 10%-ы ғана туғаннан бастап күшті иммунитетке ие екендігі белгілі. Қал­ған уақытта оны көтеріп, күшей­ту керек. Аллергиялық аурулардың өсу статистикасы жыл сайын 10-20% құ­райды. Өкінішке қарай, Алматыда бұл көрсеткіш жыл сайын өсіп келеді. Бар­лық аллергиялық аурулар балалық шақта пайда бол­ған­дықтан, аурудың одан әрі өсуін болжауға болады. Сон­дықтан аллергиялық рес­пираторлық аурулармен ауыратын балаларды бақы­лау және емдеу қазіргі уа­қыт­та өте өзекті. Әдетте, аллергия әлсіз иммунитеттен туа­­ды, нәтижесінде организм қоз­­­дырғыш аллерген­дер­ге қатты әсер етеді. Им­­му­ни­тет­­тің төмендеуі түр­­­лі фак­тор­ға байланыс­ты. Оның не­­гізгі себебі, қолай­сыз эко­ло­­­­гиялық жағдайлар мен зиян­­­ды тамақтану, сапасыз өнім­дерден пайда бо­лады. Көктем мен жаз айларында им­мун­дық жүйенің тозаң, терек үлпектері, жән­дік­тер, микроорганизмдер басқа да заттарға реактивтілігі әр­да­йым артады, бұл көбінесе бронх демікпесіне әкеледі.

Бұл жолы еріктілер бала­ларға тыныс алу жүйесі ауруларымен күресуге және им­му­нитетті жақсартуға көмектесу мақ­са­­тын­да Алматы қаласы мен Алматы облы­сын­­дағы балалар ауруханаларына бар­ды. Бала­лар­ға та­нымал брендтердің бірі, суық тию мен аллергиялық аурулардың көріністерін же­ңу­ге ғана емес, сонымен қатар ең алдымен, оның пайда болуына жол бермейтін өнімдер беріледі. Еріктілердің көмегімен №2 қалалық балалар клиникалық ауру­ханасына, «Ақсай» рес­пуб­­ликалық балалар кли­ни­­­­ка­лық ауру­­ханасына, Алма­­­ты облыстық балалар кли­­­ни­калық ауруханасына (ГРЭС), Қаскелең қала­сын­дағы балалар жұқпалы аурулар ауру­­ханасына балалар денсаулығына пайдалы жиын­тықтар жеткізілді. Яғни микроэлемент­тер­ге бай ерітінді дайындауға ар­­нал­ған «Лейка» және Адриа­ти­калық теңізінің тұзы бар 30 қапшықтан тұратын жиын­тық берілді. Күнделікті про­фи­лактикалық процедуралармен пакеттердің ұсы­ныл­ған саны бір айға жетеді.

Көзі: https://egemen.kz