Біздің мекенжай:Қазақстан, Алматы қ., «Калкаман» ықшамауданы
  • Городская Клиническая Больница №7
  • Городская Клиническая Больница №7

Күз басталысымен тұмау вирусы бүкіл ел бойынша «кең қанат жая» бастайды. Профилактикалық вакцинациялауды уақытылы, яғни маусым алдында бастау аурумен күресудің ең тиімді әдістерінің бірі болып табылады.

Иммундаудың негізгі мақсаты – өлімге алып келетін факторлар арасында үшінші орынды иеленіп отырған тұмаудың асқынуынан қорғау. Ол әсіресе балаларда, жүкті әйелдер мен қарттарда, сондай-ақ иммунитеті төмен адамдарда өте көп кездеседі.

Сонымен қатар, тұмау жабық топтарда, адамдар көп жиналатын жерлерде (балабақшалар, мектептер, әскери бөлімдер, ауруханалар және т.б.) өте тез таралады.

Осыған байланысты жоғарыда көрсетілген санаттарға жататын адамдар тұмауға қарсы екпе алуы керек.

Вакцина алу үшін сізге жергілікті дәрігерге, педиатрға хабарласу керек, ал вакцинаны тұрғылықты жеріңізге сәйкес вакцинация бөлмелерінен ала аласыз.

Дәрігерлер келесі топтағы адамдарға вакцина егуді ұсынады:

  • 6 айдан асқан балалар
  • 2-3 триместрде жүкті әйелдер
  • қарт адамдар (60 жастан асқан)
  • медицина қызметкерлері
  • жүрек-тамыр жүйесі мен тыныс алу жүйесінің созылмалы аурулары бар адамдар.