Біздің мекенжай:Қазақстан, Алматы қ., «Калкаман» ықшамауданы
  • Городская Клиническая Больница №7
  • Городская Клиническая Больница №7

20.02.2020 жылы №7 қалалық аурухананың емханасында Салауатты өмір салты кабинетінде «Бронх демікпесі және оны алдын алу» тақырыбы бойынша емделушілермен дәрігер Б.Х.Хуантай және СӨС мейірбикесі.

20.02.2020 жылы №7 қалалық аурухананың емханасында Салауатты өмір салты кабинетінде «Бронх демікпесі және оны алдын алу» тақырыбы бойынша емделушілермен дәрігер Б.Х.Хуантай және СӨС мейірбикесі Г.Боранқұлова дәріс өткізді.Емделушілерге дәрігер бронх демікпесі жайлы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Демікпеменауыратын адамда тұншығу ұстамасы жиі болады. Дем алысында, сыртқа дем шығарғанда сырыл болады. Егер науқасқа ауа жетіспесе, оның тырнақтары мен еріні көгереді, мойын тамырлары білеуленіп тұрады. Әдетте ыстығы көтерілмейді.Демікпе көбіне бала кезден басталып, өмір бойы қол үзбей қояды. Ол жұқпалы емес, бірақ ата-анасы демікпемен ауыратын балаларда бұл ауру жиі кездеседі.

Емдеу жолдары:
  • Егер демікпе үйде өршитін болса, онда науқас сыртқа, ауасы таза жерге шығуы керек; өзіңіз сабырлы болыңыз, науқасқа майда сөйлеп, жігер беріңіз.
  • Сұйықты барынша көп беріңіз. Ол шырышты сілекейді босатып, тынысты кеңейтеді. Бу ингаляциясын жасаудың да көмегі бар.
  • Ұстама жеңіл болса, эфедрин, теофиллин немесе сольбутамол беріңіз.
  • Науқастың жағдайы тым ауыр болса,жедел жәрдем шақырыңыз, -деген кеңестер берді.