Біздің мекенжай:Қазақстан, Алматы қ., «Калкаман» ықшамауданы
  • Городская Клиническая Больница №7
  • Городская Клиническая Больница №7

09.07.2019 ж. №7 Қалалық клиникалық ауруханасына қарасты емханасының психологтары жіті ішек инфекциялары мен олардың алдын алу шаралары бойынша негізгі ақпаратты қамтамасыз етуімен бейінді денсаулық мектептерінде, атап айтқанда, дені сау бала кабинетінде, отбасын жоспарлау, босануға дайындық және жас ана мектептерінде, және де қарттар мектебінде лекция түрінде сабақтар өткізді. Қойылған сұрақтарға жауаптар берілді. Әлеуметтік қызметкер жіті ішек инфекциясының алдын алуға бағытталған «Денсаулықтың алтын ережелері» атты Ұлттық бағдарламасына байланысты сауалнамана жүргізіп шықты.

10.07.2019ж. Салауатты өмір салты кабинетінде дәрігер- инфекционист медициналық қызметкерлерге және емхана емделушілеріне «Жіті ішек инфекцияларының алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Іс – шараға 98 адам қамтылды.

«Денсаулықтың алтын ережелері» Ұлттық бағдарламасының негізгі мақсаты - азық-түлік қауіпсіздігінің тиімді жүйесін қамтамасыз ету мәселелеріне бүкіл қоғамның назарын аудару, сонымен қатар жеке гигиенаны және денсаулықты нығайту үшін қауіпсіз тамақтанудың басты қағидаларын сақтауға жеке адамның назарын аудару болып табылады.

# Денсаулықтың алтын ережелері; # Ұлттық бағдарлама; #№7ҚҚА; #біздіңемхана.